Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті
2024 жылғы 12 қараша
Әзербайжан, Баку қаласы
Мемлекет басшысы бауырлас Түркия Президентімен Баку төрінде кездесіп отырғанына қуанышты екенін жеткізіп, биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы Достық және ынтымақтастық туралы келісімге 30 жыл толғанын атап өтті.
https://x.com/aqorda_press/status/1856341567885230083
– Қазір де бауырластық қарым-қатынасымыз қарқынды дамып жатыр. Саяси деңгейде сындарлы диалог бар. Үкіметтеріміздің ықпалдастығы артып келеді. Түркия – Қазақстанның ең ірі бес сауда серіктесінің бірі. Былтыр екіжақты сауда-саттық 6 миллиард долларға жетті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://x.com/aqorda_press/status/1856341567885230083
Сонымен қатар Президент Түркияның Қазақстан экономикасына мол қаржы құйған негізгі инвесторлардың қатарында екеніне назар аударып, түрік бизнесмендерінің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар жеке бақылауында болатынын мәлімдеді.
https://x.com/aqorda_press/status/1856341567885230083
Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас стратегиялық сипатта дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі жандандыру үшін мол әлеует бар екенін айтты.
– Қадірлі бауырым, келесі жылы Анкарада өтетін Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысы барысында ауыл шаруашылығы, қорғаныс, энергетика, көлік-логистика, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салаларда маңызды келісімдерге қол жеткізетінімізге сенімдімін. Біз Қазақстанмен арадағы сауда айналымын 15 миллиард долларға дейін арттыруға ұмтыламыз, – деді Түркия Президенті.
https://x.com/aqorda_press/status/1856341567885230083
Бұл ретте Режеп Тайип Ердоған түрік компаниялары Қазақстан экономикасының әртүрлі секторында табысты жұмыс істеп жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, түрік бизнесмендері Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін игеру, АЭС салу және мұнай-газ тасымалы бағытында тәжірибе бөлісіп, өзара тиімді серіктестік құруға дайын.
Бұдан бөлек мемлекеттер басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында бір-біріне қолдау көрсету жөнінде уағдаласты.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-turkiya-prezidenti-rezhep-tayip-erdoganmen-kezdesti-12105121
https://x.com/aqorda_press/status/1856341567885230083
Başkan Samancı: Halk Elinde Küçükbaş Hayvan Islahı Ülkesel Projesi kapsamında yetiştiricilerimizi ziyaret ettik
ALİ SÖKMEN ‘DEN 1 MAYIS EMEK VE DAYANIŞMA GÜNÜ KUTLAMA MESAJI
MHP AĞRI İL BAŞKANI SELAHATTİN AKTAŞ’TAN BAŞKAN SAMANCI’YA HAYIRLI OLSUN ZİYARETİ
«Единая Россия» устроила творческий вечер для жителей посёлка Ханымей (ЯНАО)
Birleşik Rusya, Khanymey köyü (Yamalo-Nenets Özerk Okrugu) sakinleri için yaratıcı bir akşam etkinliği düzenledi
Больницы, скверы и мосты: «Единая Россия» провела мониторинг капремонта объектов народной программы в регионах